Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім ұйымдары дайындық деңгейіне қарамастан, білім ұйымы қызмет көрсететін аймақта тұратын барлық балаларға қолжетімді болуды қамтамасыз ете отырып, 7 жастағы және ағымдағы жылы алты жасқа толатын барлық балаларды бірінші сыныпқа қабылдайды. Балаларды бірінші сыныпқа қабылдау үшін төмендегідей құжаттар қажет:
1) ата-анасының немесе баланың басқа заңды өкілдерінің өтініші;
2) баланың туу туралы куәліктің көшірмесі;
3) денсаулық туралы анықтама (026 / у-3 нысаны);
4) 063 / у формасындағы медициналық анықтама;
5) 3x4 см суреттер - 2 дана мөлшерінде.
Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының бірінші сыныбына баратын балалардың құжаттары ата-аналарынан немесе басқа заң өкілдерінен ағымдағы жылдың 1 маусымынан 30 тамызына дейін қабылданады. Баланы бірінші сыныпқа қабылдау кезінде қосымша құжаттар сұралмайды.